{metadescription}
Павлодар облысында екі бала суға кетті

Павлодар облысында екі бала суға кетті

Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Бәйет ауылында болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілдеде Бәйет ауылында 6 және 7-сыныптың екі оқушысы сағат 18.00-де үйден каналға қарай шығып, жоғалып кеткен.

«Жақын жерде ата-аналары мен басқа ересектер болмаған. Балалардың заттары жағадан табылды. Құтқарушылардың күшімен денелері табылып, судан шығарылды», – деді департамент өкілдері.

Шомылу маусымы басталғаннан бері үш адам суда батып кетті.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздығы туралы еске салады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.