Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Батыс Қазақстанда бірнеше дала өрті сөндірілді
Батыс Қазақстан облысында бір күнде бірнеше дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10:07 10.07.2023
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 9 шілде күні сағат 15.17-де Бөрлі ауданы Ақсу ауылынан 6 шақырым жерде Суықбұлақ арнасы маңында құрғақ шөп өртенді.
«46 гектар аумақты қамтыған тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндірушілермен бірге орман шаруашылығы мекемесі, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан барлығы 38 адам, 8 техника жұмылдырылды. Өрт 21.30-да оқшауланып, 22.41-де сөндірілді. Сондай-ақ бүгін сағат 13.26-да Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі «Аяқ» су қоймасы маңында 25 гектар құрғақ шөп отқа оранды. Бұл өрт те 36 адам, 6 техниканың қатысуымен сағат 20.22-де жойылды», - деп хабарлады ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram