{metadescription}
Бірде-бір өңір жылыту маусымында апаттарға жол бермеуі керек – Премьер-Министр

Бірде-бір өңір жылыту маусымында апаттарға жол бермеуі керек – Премьер-Министр

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жылыту кезеңіне дайындық бойынша орталық мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

Оның айтуынша, қазір орталық және жергілікті атқарушы органдар коммуналдық секторда ауқымды жұмыстар жүргізуде.

«Бірде-бір өңір жылыту маусымында апаттарға жол бермеуі тиіс. Әсіресе, бұл құрылыс маусымы қысқа және жылыту маусымы ерте басталатын солтүстік облыстар үшін өзекті. Жөндеу жұмыстары нақты бекітілген кестелерге сәйкес жүргізілуі тиіс. Биыл шамамен 6 мың шақырым инженерлік желілер жөнделетін болады. Бұл – бірінші кезекте жаңартуды қажет ететін, әбден тозығы жеткен инфрақұрылым объектілері», - деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, 25 мың шақырымнан астам қараусыз жатқан коммуналдық желілер монополистерге берілетін болады. Олар осы желілерді ретке келтіруі керек.

«Аталған өзгерістердің бәрін азаматтар сезінуі тиіс. Осыған байланысты мына мәселелерге назар аударғым келеді. Бірінші, Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, коммуналдық кәсіпорындар мен станциялардың инвестициялық бағдарламаларды тиісті түрде орындауын бақылауы керек. Екінші, Экономика, Энергетика және Индустрия министрліктері тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермей, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуі тиіс», - деді Ә. Смайылов.

Үшінші, Экономика, Энергетика және Индустрия министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, қыркүйектің соңына дейін барлық коммуналдық инфрақұрылымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтауы керек.

Төртінші, Экономика, Индустрия және Энергетика министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, қараусыз жатқан коммуналдық желілерді монополистердің меншігіне беру жөніндегі Жол картасын әзірлеуі қажет.

«Бесінші, әкімдіктер коммуналдық кәсіпорындармен бірлесіп, 1 қазанға дейін келесі жылға арналған жөндеу жұмыстарына қажеттілікті айқындауы тиіс», - деді Үкімет басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.