{metadescription}
45 градусқа дейін қатты ыстық болады

45 градусқа дейін қатты ыстық болады

Синоптиктер 13-15 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Метеорологтардың болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағы арқылы өтетін батыс циклонына байланысты, 14-15 шілдеде солтүстік-батыста найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. 15 шілдеде елдің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз.

"13 шілдеде оңтүстікте, 13-14 шілдеде солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, Қазақстанның орталығында 45 градусқа дейін қатты ыстық болады. Республика аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндізгі ауа температурасының төмендеуі солтүстікте және орталықта 30 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 30-37 градусқа дейін ыстық болады. Республиканың батысында 25-35 градус жылы", - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.