Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Таразда есірткі өндіретін фитолаборатория анықталды
Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Таразда есірткі өндіретін фитолабораторияның жолын кесті.
Фото: polisia.kz
19:02 12.07.2023
Күдікті ретінде Ресей Федерациясының 61 жастағы азаматының тұрғылықты мекенжайына тінту шаралары жүргізілген.
Тексеру барысында бақшада көлік шинасынан 4 каннабис бұтасы табылады. Сондай-ақ, қызметкерлер фитолабораторияға айналдырылған моншаны анықтайды. Онда 2 каннабис бұтасы табылған. Мұнымен қоса, үйдің әр жерінен кептірілген марихуана есірткі заттары табылады.
Арнайы операция барысында жалпы салмағы 2400 грамм каннабис өсімдіктерінің 6 бұтасы, 113 грамм кептірілген марихуана тәркіленеді.
«Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен, яғни, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу, өсіру, қарасора, көкнәр немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған бап 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жазаны көздейді немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, болмаса 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартумен не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен не айырумен жазаланады», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті ескірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram