{metadescription}
Павлодар облысындағы өртті сөндіруге Қорғаныс министрлігінің Ми-17, Ми-171 ұшақтары келді

Павлодар облысындағы өртті сөндіруге Қорғаныс министрлігінің Ми-17, Ми-171 ұшақтары келді

Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мекемесінің аумағында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрттің ауданы шамамен 850 га құрайды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Өрт сөндіруге жеке құрамнан 329 адам, 101 техника (ТЖМ 161 адам жұмылдырылды.

Қосымша сағат 5.13-те Семей қаласынан Қорғаныс министрлігінің Ми-17, Ми-171 ұшақтары келді.

Сағат 7.30-да Төтенше жағдайлар министрі және облыс әкімі орманшылықтар аумағын әуеден тексеріп өтті.

Өрттің белсенді фазасы Бауыртал орманшылығының 98 кварталында болып жатыр, онда өрт кей жерлерде төменнен жоғарыға өрлеуде.

«Жұмылдырылған ресурстармен өртті қайта болдырмау мақсатында өрттің шоқтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ»,-делінген Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.