{metadescription}
Грек-рим күресінен Ислам Евлоев 82 келіде Азия чемпионы атанды

Грек-рим күресінен Ислам Евлоев 82 келіде Азия чемпионы атанды

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Ислам Евлоев (82 келі) жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың бесінші күнінде грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жастар 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Олардың арасынан қазақстандық біреуі чемпион атанса, төртеуі қола жүлдені сарапқа салды.

Ел құрамасынан Ислам Евлоев (82 келі) финалда қырғыз балуаны Ырысбек Калиевті 10:1 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Ал Самандар Мадаминов (60 келі), Азиз Ғасымов (67 келі), Мерей Мәулітқанов (72 келі), Юсуф Мациев (97 келі),үздік үштіктен көрінді.

Осылайша жалпыкомандалық есепте грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында қазақстандық балуандар үшінші орыннан көрінді.

Енді 17 шілдеде 20 жасқа дейінгі жастар арасында әйелдер күресінен 50, 55, 59, 68 және 76 келіде жүлделер сарапқа салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде