Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде газ құю стансасы өртенді
Ақтөбенің Қобда ауданы аумағында газ құю бекетінің резервуары өртенді. Сонымен бірге сұйытылған отын тасымалдаған көліктен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11:10 17.07.2023
Оқиға 17 шілде түнгі сағат 00.07-де тіркелді.
112 құтқару қызметіне Қобда ауданы Самара-Шымкент тасжолының 616 шақырымындағы «Эталон газ» газ құю стансасының жерасты резервуары және газ тасыған көліктің артқы жағынан газ жанғаны туралы хабар түсті.
Жалынды сөндіруге 20-дан астам өрт сөндіруші мен 5 техника дереу жұмылдырылған.
«Сонымен қатар оқиға орнына ТЖД басшылығы барып, жағдайды бақылап, өрттің дер кезінде сөндірілуін қадағалады. Өрт сөндірушілердің кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында өрт басқа обьектілерге тарамады. 20 тонналық көлік пен қасында тұрған газель қауіпсіз жерге әкеткен соң бүлінбеді. Өрт сағат 01:50-де оқшауланып, 02:15-те сөндірілді. Зардап шекккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң бақылауды ескертеді»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram