Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мысырдың солтүстігінде ғимарат қирап, бес адам қаза тапты
Жексенбіде Мысырдың солтүстігінде Александрия және Бухейра провинциясында ғимарат қирап, 5 адам қаза тапты және 11-і зардап шекті. Бұл қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат.
11:49 17.07.2023
Бухейра провинциясындағы Рашид қаласында сегіз қабатты ғимарат қирап, екі адам қаза тапты және тоғызы жарақат алды.
Іздеу және құтқару операциялары жүріп жатыр, деп хабарлайды жергілікті МЕНА агенттігі.
Александрия провинциясынан шығысқа қарай Бакус ауданында тұрғын үйдің екі балконы құлап, үш адам қаза тапты және екеуі зардап шекті.
Прокуратура оқиғаны тергеуді бастады.
Еске салайық, маусымда Александрияда 13 қабатты ғимарат қирап, 10 адам мерт болған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram