Жамбылдағы теміржол апаты: Тоқтап қалған пойыздар қайтадан жолға шықты
«Қазақстан темір жолы» Жамбыл облысында жүк пойызының рельстен шығып кетуін тергеп-тексеретін арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: pixabay.com
12:50 17.07.2023
Еске сала кетейік, 17 шілде түнгі 01:05 кезінде Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара стансасында жүк вагондары жолдан шығып кетті.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.
Бұл оқиға жолаушы пойыздарының жүру кестесіне әсер етті.
«Барлық пойыздар ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұр» деп мәлімдеді Қазақстан темір жолы.
Болған жағдайдың себептерін анықтау үшін ҚТЖ арнайы комиссия құрды.
Вагондардың рельстен шығуынан жолаушы пойыздары тоқтаған болатын.
Жаңа ғана Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара стансасында тоқтаған пойыздар қозғалысы қайта іске қосылғаны белгілі болды.
Оқиға салдарын жоюға Шу және Тараз стансаларының қосымша пойыздары жұмылдырылды.
Компания жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!