Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында ауа температурасы 42 градусқа дейін ысиды
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті алдағы күндері облыс аумағында ауа райы 42 градусқа жететінін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: 78.mchs.gov.ru
16:06 17.07.2023
Ведомствоның мәліметінше, Қазгидрометтің 17 шілдедегі дауылды ескертуі негізінде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 18-19 шілде күндері түстен кейін 42 градус қатты ыстық болуы мүмкін.
Сондай-ақ 18-20 шілде арасында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында 18-19 шілдеде түстен кейін 40-42 градус қатты ыстық болуы ықтимал.
«Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Сіздің аймағыңыздағы дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпарат туралы жедел ақпарат алу үшін «Дармен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз», - деп ескертті ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram