{metadescription}
Панама базарында атыс болды

Панама базарында атыс болды

Жексенбі күні кешке Панаманың тарихи орталығына жақын орналасқан теңіз өнімдері базарында белгісіз адам оқ жаудырды.

Сол сәтте жүздеген жанкүйер Панама мен Мексика командаларының «КОНКАКАФ алтын кубогының» финалдық ойынын тамашалап жатқан еді. Матч үлкен теледидар экранынан көрсетілді.

Атыс естігенде адамдар дүрбелеңге салынып, жүгіріп, жасырына бастады. Болған оқиға бейнеге түсірілді. Сондай-ақ, кадрларда полицияның оқ атқан адамды ұстау сәті түсірілген.

Билік хабарлағандай, ешкім зардап шеккен жоқ. Панама құрамасы Мексикадан 0-1 есебімен жеңіліп қалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.