Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Саунадан балалар лагерін ашқан кәсіпкер мемлекеттен 107 млн теңге алған
Алматы қалалық мәслихатының депутаттары Ұзынағаш ауылындағы «Арман дала» лагеріне барып, жағдайымен танысты.
11:32 18.07.2023
Бұл жайында депутат Нұргүл Тау әлеуметтік желіде жазды.
«Жазғы лагерьде баланың демалуына жағдай жасалмаған, өрескел бұзушылықтар орын алғанына куә болдым. Лагерь бұрынғы сауна ғимаратында орналасқан. Қызмет көрсетуші - «БелРичи» ЖШС. Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес қызмет көрсету құны - 107,8 млн. теңге. Жоспар бойынша 1150 бала демалыспен қамтылуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу процедурасы қалай жүргізілгені төңірегінде мәселе туындауына байланысты өз тарапымнан ҚР Бас прокуратурасына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне тексеру жүргізу жөнінде сауал жолданды. Бұл мәселені өз бақылауыма алдым», - деп жазады депутат.
Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша жақын арада балалар басқа демалыс лагерлеріне жіберіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram