{metadescription}
Түркістан облысында 15 жасар қызды өгей әкесі зорлаған

Түркістан облысында 15 жасар қызды өгей әкесі зорлаған

Түркістан облысында 15 жасар қызды зорлады деген күдікпен өгей әкесі қамауға алынды.

Оқиға Төлеби ауданында болған.

Әлеуметтік желідегі жазбаларға жүгінсек, жасөспірімді өгей әкесі үш жыл бойы зорлап келген.

Тіпті, ер адам болған оқиғаны видеоға түсіріп алып, интернетте таратамын деп қорқытқан.

Бұл мәселеге пікір білдірген Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті ретінде Төлеби ауданының тұрғыны анықталып, ұсталғанын мәлімдеді.

«Полицейлер ҚР ҚК 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде Төлеби ауданының тұрғыны қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», - делінген ресми мәліметте.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.