Серік Күдебаев елден қашқаны үшін жарты жылға бас бостандығынан айырылды
Алматы облысының Кеген аудандық соты экс-генерал Серік Күдебаевті Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту ісі бойынша кінәлі деп таныды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16:18 18.07.2023
«Сот Серік Мырзақұлұлы Күдебаевты ҚР Қылмыстық кодексі 395-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануға және оған 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауға үкім етеді», - деп Кеген аудандық сотының судьясы үкім оқыды.
Сонымен, оған сот шешімі негізінде жалпы мерзімі 10 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ол құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылды. Серік Күдебаев жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!