Қазақстандық спортшы MMA-де нокаутпен дебют жасады
28 жастағы қазақстандық спортшы Даниил Коцарев Кара-Балтада өтіп жатқан (Қырғызстан) EFC Global 33 аралас жекпе-жек турнирінде күш сынады.
19:20 18.07.2023
Қазақстандықтың қарсыласы 30 жастағы Өзбекстан спортшысы Улугбек Икашев болды. Жартылай орта салмақтағы (77 келіге дейін) жекпе-жек 3 раундқа жоспарланған, бірақ соңына дейін созылған жоқ. Себебі, ол 53-секундта аяқталды.
Икашев қарсыласын торға тақап, соққыларын жаудырды. Реферидің араласуына тура келіп, айқас тоқтатылды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 22 жастағы қазақстандық спортшы Олжас Ерланов Кара-Балтадағы EFC Global 33 аралас жекпе-жек турнирінде нокаутпен дебют жасады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!