Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
MMA: Қазақстан мен Өзбекстан спортшыларының жекпе-жегі 53 секундта аяқталды
28 жастағы қазақстандық спортшы Даниил Коцарев Кара-Балтада өтіп жатқан (Қырғызстан) EFC Global 33 аралас жекпе-жек турнирінде күш сынады.
Фото: Sports.kz
20:26 18.07.2023
Қазақстандықтың қарсыласы 30 жастағы Өзбекстан спортшысы Улугбек Икашев болды. Жартылай орта салмақтағы (77 келіге дейін) жекпе-жек 3 раундқа жоспарланған, бірақ соңына дейін созылған жоқ. Себебі, ол 53-секундта аяқталды.
Икашев қарсыласын торға тақап, соққыларын жаудырды. Реферидің араласуына тура келіп, айқас тоқтатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!