Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ұсталды
Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков
17:46 19.07.2023
«Ия, біз оның сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын растаймыз. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Сондай-ақ, Антикор өкілі біраздан соң толық ақпараттың жарияланатынын айтты.
Өткен жылы Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып полковник Бауыржан Ізбасаров тағайындалған еді. Ол әр жылдары түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2021 жылдан бастап Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!