{metadescription}
Түркістан облысында Конго-Қырым қанды қызбасын жұқтырғандар саны 53-ке жетті

Түркістан облысында Конго-Қырым қанды қызбасын жұқтырғандар саны 53-ке жетті

Жаз мезгілі басталысымен Түркістан облысында 53 адам Конго-Қырым қанды қызбасын жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістанда Конго-Қырым қанды қызбасына қарсы атқарылған жұмыстар бойынша кеңес өтті. Онда Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов өңірдегі Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының эпидемиологиялық жағдайы туралы мәлімдесе, Ұлттық сараптама орталығы ШЖҚ «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» директоры А. Төребаева «Конго-Қырым қанды қызбасына қарсы атқарылған алдын алу іс-шараларына тоқталды.

«Биыл Қырым геморрагиялық қызбасы аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталмай отыр. Жаз басталысымен өңір бойынша Конго-Қырым қанды қызбасын жұқтырған 53 науқас тіркелген. Облыс аумағы Конго-Қырым қанды қызбасының эпидемиологиялық қолайсыз және эндемиялық табиғи ошағы болғандықтан, жыл сайын медицина қызметкерлері тарапынан дер кезінде толық эпидемиологиялық анамнез жинау, диагностикалау жұмыстарының сапасыз жүргізілуі салдарынан науқастар арасында өлім жағдайлары тіркелді», - деді Нұрбек Нышанов.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, күдікті науқастар мен қарым-қатынастағыларды толық медициналық бақылауға алып, ем жүргізуді жалғастыруды тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.