{metadescription}
Абай облыстық ветеринария басқармасы жұқпалы аурулардың таралуын бақылауға алды

Абай облыстық ветеринария басқармасы жұқпалы аурулардың таралуын бақылауға алды

Абай облысының ветеринария басқармасы мен бағынысты ветеринариялық қызметтерінің басты міндеттерінің бірі – төрт түлік пен үй жануарларын аса қауіпті аурулар жұқтырудан және таралуынан қорғау, сондай-ақ инфекциялы аурулардан тұрақты эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысына сәйкес өңірде бруцеллездің тіркелуі төмендегені байқалады.

«2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл ірі қара малдың бруцеллезі 57,5 пайызға, ал ұсақ малдың аурулары 40,8 пайызға төмендеді. Қазіргі уақытта облыста аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық алдын алу іс-шаралары жылдық жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Ауылдық округтердегі ветеринария пункттерінің көпшілігі күрделі жөндеуді немесе жаңа ғимараттар салуды талап етеді. Осыған байланысты бұл мәселе 2024-2027 жылдарға арналған облыс көлемінде ветеринарияны дамытудың стратегиялық жоспарына енгізілді», - деп жазды жергілікті әкімдіктен.

Биыл облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен ветеринария іс-шараларын уақтылы және сапалы орындау үшін қосымша 253 құрал сатып алу жоспарланған.

Облыс аумағында 137 мал сою нысаны жұмыс істейді. Сондай-ақ, облыстың елді мекендерінде 153 мал қорымы бар, оның ішінде 66 типтік және 87 қарапайым.

Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы бұйрығына сәйкес, жыл басынан бері облыстың ветеринария қызметі мамандарының жалақысы 50 пайызға өсті.

Абай облысының ветеринария басқармасы жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуына жол бермеу, сондай-ақ облыс аумағында ветеринария-санитария қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тұрақты бақылауына алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде