Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Еркін күрестен Камиль Куруглиев Азия чемпионы атанды
Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан еркін күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында екі қазақстандық жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09:14 20.07.2023
12 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Жарыстың сегізінші күнінде еркін күрестен 20 жасқа дейінгі жастар 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қазақстандық балуандар ел қоржынына 4 жүлде салды.
Ел құрамасынан Камиль Куруглиев (97 келі) финалда өзбек Айназар Базарбаевпен кездесті. Сайыс барысында қарсыласын қапы қалдырып, Азия чемпионы атанды.
Ал Мерей Базарбаев (57 келі), Мұхаметәлі Қабидолданов (70 келі), Мағжан Жанырбай (79 келі) қола жүлдегер атанды.
Енді 20 шілдеде 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы еркін күрестен 61, 74, 86, 92 және 125 келіде жүлделер сарапқа салынады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram