Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астанада жерлеу орындарын онлайн таңдауға болады
Астанадағы зиратта жерлеу орнын онлайн режимде таңдауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Фотобанк Лори
11:26 20.07.2023
«Көптеген тұрғындар жақындары, туыстарының бірі қайтыс болғанда қайда жүгіну керек деп сұрайды. Осыған байланысты біздің басқарма цифрландыру басқармасына ұсыныс енгізді. Бізде zherleu.astana.kzсайты жұмыс істейді. Бұл сайтта қайтыс болған адамның аты-жөнін немесе ЖСН-ін жазуға болады. Мұнда Денсаулық сақтау министрлігі, Ішкі істер министрлігі және ХҚКО базалары біріктірілген. Яғни, зираттағы орынды онлайн режимде таңдауға болады», - деді елордалық мәслихат отырысында дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов.
Платформаны әзірлеушілердің айтуынша, zherleu.astana.kz сайтында жерлеуге өтінім беру бойынша нұсқаулық бар.
ЭЦҚ немесе QR кодының көмегімен авторизациядан өту керек, содан кейін «Жерлеуге өтінім беру» батырмасын басу керек.
Содан кейін жерлеу орны мен күнін таңдап, байланыс мәліметтерін енгізу керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram