Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елорда әкімдігінің білім грантына өзге өңір талапкерлері қатыса алады
Астана қаласы әкімдігі бөлетін мемлекеттік білім грантына басқа аймақтардан да талапкерлер өтініш бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12:57 20.07.2023
«Тек Астана қаласының тұрғыны болу керек деген талап жоқ. Басқа өңірдің талапкерлері де құжат тапсыра алады. Құжат университтерде қабылданады, содан соң ол Білім басқармасына беріледі. Одан әрі құжаттар арнайы комиссияның қарауына жіберіледі», - деп жауап берді Астана қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нариман Еламанов қалалық коммуникациялардың баспасөз мәслихатында қойылған сұраққа.
Бұған дейін 5 тамызда елорда әкімдігінде білім грантына өтініш қабылдау басталатыны туралы хабарлаған едік.
Айта кетсек, 2023-2027 оқу жылына Астана қаласының әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 1084 білім грантын бөлді.
Ұлттық бірыңғай тесттілеу (ҰБТ) тапсырып, «Педагогика ғылымдары» мамандығы бойынша кемінде 75 балл жинаған талапкерлер педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram