Никита Чирюкин нысана көздеуден әлем чемпионы атанды
Қазақстандық Никита Чирюкин Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15:11 20.07.2023
Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Н.Чирюкин кіші калибрлі тапаншамен 25 метрден нысана көздеуден үздік шықты.
Чемпионның бапкері – Рашид Юнусметов.
Қытайлық Чжан Чжихао күміс жүлдеге қол жеткізсе, оңтүстіккореялық Сук Джин Хонг үздік үштікті түйіндеді.
Чханвондағы əлем чемпионаты 25 шілдеде аяқталады. Биыл бəсекеге 45 елден 600-ден астам спортшы жиналды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!