Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркістан облысында тергелушілерді азаптаған 4 полицей бас бостандығынан айырылды
Түркістан облысында тергеуге түскен азаматтарды азаптауға жол берген 4 полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев мәдімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: пресс-служба МВД РК
17:26 20.07.2023
Түркістан облысында кезекші прокурорлардың жұмысы жандандырылып, құқық қорғау органдары ғимаратына кіріп-шығу жағдайына бақылау күшейтілді. Сондай-ақ, прокуратураның ықпалымен құқық қорғау органдары ғимараттарындағы «соқыр аймақтарды» жою бағытында 3 мыңнан аса бейнекамералар орнатылды.
«Кейінгі 6 айда прокуратураға тергеуге түскен азаматтарды азаптауға қатысты 25 арыз тіркелді. Биыл сот үкімімен азаптауға жол берген Ордабасы аудандық полиция басқармасының 4 полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды. Бұл істі арнайы прокурорлар жүргізді», - деді облыс прокуроры.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram