Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданына жаңа әкім тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және Ақтөбе облысы әкімінің өкімі бойынша Әйтеке би ауданының әкімі болып Даулетияр Тоғызбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
19:05 20.07.2023
Даулетияр Қанатұлы 1989 жылы туған.
2010 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.
2012-2015 жылдары Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының кадрлармен жұмыс және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бас маманы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеген.
2015-2019 жылдары Ақтөбе облысының индустриялық - инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы, Қобда ауданы әкімі аппаратының басшысы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және талдау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
2019 жылдың сәуір айынан бастап Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram