{metadescription}
Омбы - Майқапшағай автожолы жүк көліктері үшін ақылы болады

Омбы - Майқапшағай автожолы жүк көліктері үшін ақылы болады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев осы жолдың бір учаскесіне барды. Жобада проблемалар болған, бірақ қазір құрылыс жұмыстары мәресіне жетіп қалды.

ШҚО арқылы өтетін 231 шақырым жолдың 162,4 шақырымында жұмыстар аяқталды, қалған учаскеде асфальттың төменгі қабаты салынды. Автомобильдер сағатына 70 км-ден аспайтын рұқсат етілген жылдамдықпен жүре алады.

Қазір нысанда қазақстандық-қытайлық компаниялар жұмыс істеп жатыр. Мұнда 214 техника және 400-ден астам адам жұмылдырылған. Жобаның құны - 84 млрд теңге.

Айта кетейік, жол қарыз қаражатына салынған. Сондықтан пайдалануға берілгеннен кейін жүк көліктеріне трассада жүру ақылы болады.

Ал рұқсат етілген жылдамдық - 120 км/сағ.

Сондай-ақ, жол бойында бес демалыс орны жабдықталады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.