{metadescription}
Президент жарлығымен Антикорға бірқатар қосымша құзырет берілді

Президент жарлығымен Антикорға бірқатар қосымша құзырет берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бірқатар қосымша құзырет беретін Жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сай, Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігіне мына функциялар берілді:

- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша әдепжөніндегі уәкілдермен өзара іс-қимыл жасау;

- ҚР Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

- мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;

- сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеу және

бекіту.

Жарлық алғаш ресми жарияланған күннен, яғни 20 шілдеден бастап күшіне енді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде