{metadescription}
Қазақстан дәрі жасау үшін БҰҰ-дан есірткі мен психотроптық заттарға квота бөлуді сұрады

Қазақстан дәрі жасау үшін БҰҰ-дан есірткі мен психотроптық заттарға квота бөлуді сұрады

Медициналық мақсатта пайдаланылатын есірткі мен психотроптық заттардың келер жылға арналған мөлшері бекітілмек, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

«Сыртқы iстер министрлігі осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды БҰҰ-ның Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің бекітуі үшін есірткіге және психотроптық заттарға 2024 жылға арналған қажеттілік нормаларын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетiнiң штаб-пәтерiне жiберсiн. Iшкi iстер министрлігі халықаралық квоталарды бекіткеннен кейін есiрткiге, психотроптық заттар мен прекурсорларға лицензиялары бар заңды тұлғалар олардың айналымын жүзеге асыратын қажеттілiк есебiн белгіленген тәртiппен Үкiметке енгiзсiн», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.

Құжатта жазылғандай, келер жылы еліміздегі 2 ұйым медициналық мақсатта синтетикалық есiрткi дайындауға мына мөлшерде квота сұрап отыр:

- «Химфарм» АҚ:

Морфин - 2429,637 келі;

Тримеперидин - 9021,653 келі;

Фентанил - 165,885 келі.

- «ВИВА Фарм» ЖШС:

Кодеин - 0,0003767 келі;

Морфин - 1504,1 келі.

«Қабылданып жатқан шаралар есірткі мен психотроптық заттар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау нысандарының бірі болып саналады, бұл бекітілген нормативтер шегінде заңды мақсаттар үшін пайдаланылатын есірткі және психотроптық заттарды бөлуде мемлекеттік жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы жоба Қазақстанның өндіруші кәсіпорындары мен заңды тұлғаларының 2024 жылғы есірткі мен психотроптық заттар қажеттілігін толығымен қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстанның есірткі мен психотроптық заттарға қажеттілік нормаларын Үкімет жыл сайын бекітеді. Осы нормативтік-құқықтық актілердің негізінде елімізде есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың мемлекеттік квоталарын бөлу жүргізіледі», - деп түсіндірме берілген Үкімет қаулысына.

БҰҰ квотаны мақұлдаған жағдайда, ел ішінде медициналық және ғылыми мақсаттарға қолдану үшін мына көлемде төмендегі препараттар бөлінеді:

- Ацетилдигидрокодеин - 0,06 грамм;

- Героин - 0,153 грамм;

- Дезоморфин - 0,02 грамм;

- Кодеин - 60,8277 грамм;

- Кокаин - 0,023 грамм;

- Метадон - 987,913 грамм;

- Морфин - 548,24 грамм;

- Оксикодон - 803,44 грамм;

- Омнопон - 441,19 грамм;

- Тебаин - 7,024 грамм;

- Тримеперидин - 742,296 грамм;

- Фентанил - 347,8296 грамм;

- 3-моноацетил морфин - 0,101 грамм;

- 6-моноацетил морфин - 0,086 грамм.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.