{metadescription}
Шу ауданында үлкен көлемде оқ-дәрі мен қару-жарақ жасырылған орын табылды

Шу ауданында үлкен көлемде оқ-дәрі мен қару-жарақ жасырылған орын табылды

Жамбыл облысының Шу қаласындағы қараусыз қалған ғимараттың бірінің жертөлесінен үлкен көлемде оқ-дәрілер мен қару жасырылған орын табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жедел-іздестіру іс-шараларын облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді. Аталған басқарманың бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаевтың айтуынша, 9 қару мен оқ-дәрі, атап айтқанда, 4 бірлік 16 калибрлі «ИЖ-ЗК» маркалы бір оқпанды аңшы мылтығы, 16 калибрлі «ИЖ-17» маркалы бір оқпанды шолақ мылтық, 9 мм калибрлі екі «Байкал 79-9ТМ» травматикалық тапаншасы, 5,45 мм калибрлі патрондардың 270 бірлігі, сондай-ақ Қаңтар оқиғасы кезінде полиция департаментінің қоймасынан ұрланған 9 мм калибрлі «ПМ» тапаншасы тәркіленген.

«Бүгінде қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі, яғни, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді Әлім Бажықбаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.