{metadescription}
Бүгін еліміздің 12 аймағында 41 градусқа дейін ыстық болады

Бүгін еліміздің 12 аймағында 41 градусқа дейін ыстық болады

Қазгидромет ел аймақтарында 23 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Тек республикамыздың оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында және орталығында көбінесе жауын-шашынсыз.

Республика бойынша желдің күшеюі байқалады, түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман түседі.

«Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Кызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Қарағаңды, Абай, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 35-41°С қатты ыстық болады. Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады», - деп жазды синоптиктер.

Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай, Атырау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде