Бас прокуратураның жанынан активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылады
Заңсыз иемденілген активтерді елге қайтару ісімен айналысатын Активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылады.
09:04 23.07.2023
«Республикалық мемлекеттік мекеме ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті құрылсын. Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп комитеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдасын. Заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның ережесі мен дербес құрамы бекітілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Президент Жарлығының жобасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!