Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Үш балаға әкесі зорлық-зомбылық жасады деген шағымға қатысты тексеріс жүргізілуде
Ақмола облысының Астрахан ауданындағы Старый Колутон ауылында үш бала әкесі тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтындығы хабарланды.
Фото: © пресс-служба Госдумы
10:35 31.07.2023
Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында ақпаратты тексеруге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақпаратты тексеруді сұраймыз! Балалар омбудсмені, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, #НеМолчиKZ қорының сенім телефонына бір отбасынан шыққан үш балаға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық туралы хабарлама келді. Старый Колутон ауылы, Астрахан ауданы. Ата-аналар ішімдікке салынған, балаларды әкесі зорлайды. Бұл ақпаратты балалардың әжесі еріктілерге айтты! Тексеруді және шаралар қабылдауды сұраймыз», - деді құқық қорғаушы.
Осы ретте, желідегі жарияланымға байланысты Ақмола облыстық Полиция департаментінен пікір білдірді.
«Желідегі жарияланым зерттелді. Осы поста баяндалған дерек бойынша Астрахан ауданының Полиция бөлімі тарапынан ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынды. 2012, 2014 және 2016 жылғы кәмелетке толмаған үш балаға қатысты медициналық куәландыру жүргізілді, оның барысында жыныстық органы аумағында қандай да бір дене жарақаттары, тыртықтар, көгерулер, зақымдану белгілері табылған жоқ. Сонымен қатар, қылмыстық іс шеңберінде сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», - деді ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram