Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Есірткі заттарына қатысты талапты орындамаған 41 медицина қызметкері жауапқа тартылды
Ішкі істер министрлігінің өкілі Ақтоты Боранова жақында өткен «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: shutterstock
13:08 31.07.2023
Оның барысында дәріханаларда препараттарды сату жағдайлары да тексерілді. «Дәрмек» операциясы республика аумағын тұтас қамти отырып өткізілді. Бұл тұрғыда медициналық мекемелер, дәріханалар, қоймалар, өнеркәсіптік кәсіпорындар және басқа да нысандар тексерілді.
«5 күнде препараттар заңды түрде өткізілетін нысандарда есірткі, психотроптық немесе улы заттарға қатысты тиісті ережені орындамаудың 28 фактісі және 193 әкімшілік құқық бұзу дерегі анықталды», - деді А. Боранова министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингіде.
Оның айтуынша, осы тексеріс барысында әкімшілік жауапкершілікке 193 адам тартылды, оның ішінде 41 медицина қызметкері бар.
«Есірткі заттары бар 8,8 мың таблетка мен 7,4 мың ампула, психотроптық заттары бар 28 мың таблетка және 8,2 мың ампула тәркіленді. Заңды тұлғалардың қызметіне қатысты жүргізілген тексерулер нәтижесінде, лицензиялық нормалар мен техникалық талаптардың бұзылуына байланысты 3,2 мың тоннаға жуық прекурсор мен 459 тонна улы заттың айналымы шектелді», - деді ведомство өкілі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram