{metadescription}
Қарағандыда автосервисте жол талғамайтын көлік түгі қалмай жанып кетті

Қарағандыда автосервисте жол талғамайтын көлік түгі қалмай жанып кетті

Қарағандыда автосервистің боксынан өрт шықты. Қызыл жалын көлікті, ғимараттың кіреберіс қақпасын шарпыды, ыстық лептен терезелері жарылып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Апат 31 шілде сағат 16:22-де болды. Диспетчердің пультіне Қарағанды қаласының Восток-3 шағынауданы мекенжайынан өрт туралы хабар түскен.

«OTTO OIL Service» көліе майын ауыстыру бойынша автосервистің боксында көтергіште 4 шаршы метр алаңда «Mitsubishi Space Wagon» автокөлігінің жанатын бөліктері өртеніп кетті«, - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Тілсіз жаудың салдарынан жол талғамайтын көлік толығымен жанып кетті.

Сондай-ақ, кіреберіс қақпа мен терезе блоктары жоғары температурадан зақымданған.

«Қызыл жалын сағат 16:34-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», - деп толықтырды ТЖД.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде