Алматыдағы көпқабатты үйдегі өрттен бір әйел қайтыс болды
Алматыдағы көпқабаттағы үйдегі өрттен зардап шеккен бір әйел қайтыс болды.
Фото: Zakon.kz
08:06 02.08.2023
Мұны Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
"Алатау ауданы Ақкент шағын ауданы, 54 мекенжайында болған өртке 23 жедел жәрдем бригадасы, соның ішінде 5 жансақтау бригадасы жұмылдырылды. Барлығы 43 адам зардап шекті. 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр, тағы төртеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты. 12 ересек қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды, басқалары қажетті жедел медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Зардап шеккен бір әйел қайтыс болды", - деді Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Өрттен зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы тұрақты.
Еске салайық, 1 тамызда Алматыда Ақкент ықшам ауданында көпқабатты үйлердің бірі өртенді. Бас сауғалаған адамдар терезеден секірді. Өрт орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарады. 300 адам эвакуацияланып, 70-ке жуық адам құтқарылды.
Сағат 18:46-да өрт сөндірілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары