Ерболат Досаев өрт кезінде қаза болған әйелдің отбасына көңіл айтты
Алматы әкімі Ерболат Досаев Бекмұхаметовтер отбасына көңіл айтты.
Фото: © Sputnik/Ертай Сарбасов
09:02 02.08.2023
«Қайрат Жармұхамедұлы мен Жұмагүл Жұмашқызы, сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Әселдің өмірден мезгілсіз өтуі сіздер үшін ғана емес, барлық алматылықтар үшін орны толмас ауыр қайғы. Туған баласынан айырылу ата-ана үшін өте ауыр. Орны толмас ауыр қазада сіздерге сабыр мен төзімділік тілеймін. Сіздердің қыздарыңыз, Әселдің әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілеймін», - деді Алматы әкімі.
Ерболат Досаев оның толық сауығуы үшін барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетінін атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!