{metadescription}
Жамбыл облысында екі бала демалыс орнындағы бассейнге батып кетті

Жамбыл облысында екі бала демалыс орнындағы бассейнге батып кетті

Жамбыл облысы Меркі ауданында демалыс орнында кәмелетке толмаған екі бала суға тұншығып қайтыс болды.

Оқиға 2 тамыз күні кешкі сағат 18:58-де Меркі ауданы Меркі ауылы Исмаилов көшесі 200 «Б» мекенжайында орналасқан «Big Family» демалыс аймағының аумағында болған.

«Демалушылар 2012 жылы және 2010 жылы туған екі баланың денелерін судан алып шықты. Олар ересектердің қарауынсыз және демалыс аймағының құтқарушыларының назарынан тыс қалып, көше бассейнінде жүзу кезінде суға батып, оқиға орнында қайтыс болды», – деп хабарлады Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.