«Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі өрттен зардап шеккендердің жағдайы жақсарып келеді – дәрігерлер
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Ақкент» тұрғын үй кешенінде болған өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындардың жағдайын мәлім етті.
13:45 03.08.2023
Бұған дейін өрт салдарынан барлығы 49 адам зардап шеккен, оның ішінде екі ересек адамның №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылғанын хабарлағанбыз.
«Екі науқастың жағдайы бірқалыпты, реанимациядан бөлімге ауыстырылды. Барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде көрсетіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Түрлі дене жарақатын алған 15 баланың 9-ы балаларға жедел және шұғыл көмек көрсету орталығында, 6 бала №2 балалар клиникалық ауруханасына түскен еді. Олардың бірі реанимация және қарқынды терапия бөліміне түсті.
«Реанимациядан шыққан бала токсикология бөліміне ауыстырылды. Қалғандарының жағдайы жақсарып келеді. Үш науқасты ертең, жағдайлары бірқалыпты болған жағдайда тағы үшеуін осы сенбіде шығарғалы отырмыз», - деп толықтырды ведомстводан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!