{metadescription}
Түркияда болған жол апатынан тағы бір жерлесіміз көз жұмды – ҚР СІМ

Түркияда болған жол апатынан тағы бір жерлесіміз көз жұмды – ҚР СІМ

Түркияда жол апатынан зардап шеккен екінші қазақстандық қайтыс болды.

«Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір Қазақстан азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі», - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі

Еске сала кетелік, 2023 жылғы 30 шілде күні Аланияда қазақстандық туристер мінген автобус жүк көлігіне соғылып, 2 адам көз жұмғаны хабарланған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде