Тұздыбастау ауылында балон жарылып, анасы мен ұлы ауруханаға түсті
Алматы қаласының іргесінде орналасқан Тұздыбастау ауылында газ балоны жарылып, анасы мен ұлы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
17:02 03.08.2023
«2 тамыз сағат 18:07-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне алдын ала мәлімет бойынша Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында Достық көшесіндегі жеке тұрғын үйде тұтанусыз газ-ауа қоспасының тарсылы болғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді.
Осы үйден 2 адам: 1981 жылы туған әйел (3 дәрежелі күйік, жағдайы ауыр) және 2001 жылы туған ұлы (2 дәрежелі күйік, жағдайы ауырлығы орташа дәрежеде) облыстық ауруханаға жатқызылды.
Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!