{metadescription}
Алматыда 130 млн теңге пара алмақ болған компания басшысы сотталды

Алматыда 130 млн теңге пара алмақ болған компания басшысы сотталды

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Алматы қалалық сотының мәліметінше, өткен жылы қыркүйек айында И. есімді азамат мемлекет 100% қатысатын Жолаушылар тасымалы саласындағы «А» ЖШС-ның Бас директоры лауазымына тағайындалып, «Г» және «К» ЖШС-нің 130 000 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын ұрламақ болған. ⠀

2020-2022 жылдар аралығында «А» және «Г», «К» ЖШС арасында қолдағы жылжымалы бірліктер үшін қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын жеткізу бойынша келісімшарттар жасалған. Көрсетілген кезеңде «Г» және «К» ЖШС-лары «А» ЖШС-ның мекенжайына 5 128 132 504 теңге сомасындағы қосалқы бөлшектер мен материалдарын жеткізеді. Алайда ЖШС талаптарды басым қанағаттандыру бойынша қолданыстағы кредиторлық берешегіне байланысты жеткізуші «К» және «Г» ЖШС-лар алдындағы міндеттемелер ішінара орындалмай қалды.

Ақшалай қаражаттың уақытылы төленбеуіне байланысты «А» ЖШС берешегінің жалпы сомасы 2022 жылғы қыркүйекте 2 457 555 809 теңге болды. Бұдан кейін «А» ЖШС атына Серіктестіктің шоттарына инкассолық өкімдер қойылып, 1 320 669 508 теңге сомасына тең борыштық міндеттемелер бойынша атқарушылық жазбалар жасалды.

2022 жылғы қыркүйекте И. «А» ЖШС Бас директоры міндеттерін орындауға кірісіп, «Г» және «К» ЖШС өкілдерін кездесуге шақырады. ⠀ Әңгіме барысында жеткізушілердің өкілдері И.-ға нотариустың атқарушылық жазбалары негізінде қойылған шектеулерден басқа, «А» ЖШС-ның олардың алдында 1 136 886 301 теңге сомасына қосымша міндеттемелері бар екенін, оларды бұрынғы басшылық негізсіз мойындамағанын хабарлайды.

Осыдан кейін И. көрсетілген міндеттемелердің бар екені туралы хабардар болмай, ЖШС өкілдерінің мүлкін ұрлауға бағытталған қылмыстық ниетін білдірген. Атап айтқанда, соңғысынан қосымша міндеттемелерді төлеу кепілдігімен 130 000 000 теңге сомасында қаражат сұрайды. Кейіннен өз іс-әрекеттерінің нәтижесінде И.-дың сенімді тұлғасын Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстады.

Осыған байланысты И. 130 000 000 теңге сомасындағы қаражатты ала алмай қалды. «Басты сот талқылауы барысында Алматы қаласының сотына дейінгі істі қарау органдары мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның пара алуға әрекет жасау фактісі бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты (ҚК-нің 24 бабы, 3 бөлігі , 366 бабы, 4 бөлігі) аса ірі мөлшерде алаяқтыққа әрекет жасау фактісі бойынша қылмыстық құқық бұзушылыққа қайта ауыстырылды (ҚК-нің 24 бабы, 3 бөлігі,190 бабы, 4 бөлігі, 2 тармақ).

Сотта прокурор И.-ға 5 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер прокурордың пікірін қолдады. ⠀Өз кезегінде сотталушы И. кінәсін толық мойындап, соттан жазаны ҚК-нің 63 бабы бойынша шартты түрде қолдану арқылы тағайындауды сұрады.

Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайларды, сотталушының жас балаларының болуын ескерді. Сотқа дейінгі тергеу органдарымен қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар тағылмаған.

Сот үкімімен И. ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны үшін кінәлі деп танылды және ҚК-нің 56 бабы және 55 бабы, 2 бөлігінде көзделген жазаны тағайындау қағидалары ескеріле отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтейтін болады. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынады», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде