{metadescription}
Елордада Әл-Фараби даңғылының бөлігі жабылады

Елордада Әл-Фараби даңғылының бөлігі жабылады

Елордада Әл-Фараби даңғылының Досмұхамедұлы көшесінен бастап Алаш тас жолына дейінгі учаскесі жабылады, деп хабарланды қала әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының Instagram-дағы парақшасында.

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы» MM жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана каласының ПД әкімшілік полиция Басқармасымен келісе отырып, Досмұхамедұлы көшесінен бастап Алаш тас жолына дейінгі учаскеде Әл-Фараби даңғылында орташа жол жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны туралы хабарлайды.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 4 пен 7 тамыз аралығында автокөлік құралдары үшін көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады», - делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде