Жеті млн теңгенің темекісі Астанаға заңсыз әкелінген
Елордада 7 миллион теңгеден астам сомаға заңсыз темекі өнімдерінің партиясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16:32 04.08.2023
Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері елордада рейд барысында вейп, кальянға арналған және электронды темекі сияқты сәйкестендіру құралынсыз (акциз маркасы) 5 360 темекі бұйымын анықтады.
Жалпы сомасы - 7 841 500 теңге.
Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабымен сәйкестендіру тәсілімен темекі бұйымдарын таңбалау қағидасын бұзу бойынша материалдар жасалды.
Нәтижесінде тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!