{metadescription}
Шығыс Қазақстанда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза болды

Шығыс Қазақстанда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза болды

Шығыс Қазақстан облысында тасжолда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 3 тамыз күні Күршім ауданының аумағында болған.

«Күршім-Қалжыр» тасжолының 99-шақырымында «Nissan Teana» маркалы автокөлік пен КамАЗ соқтығысты. Соның салдарынан жеңіл көліктегі 4 жолаушы, оның ішінде 2023 жылғы сәби сол жерде көз жұмды», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта жол апатының нақты қалай болғаны, кімнің кінәлі екендігі белгісіз.

Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.