Мәскеу орталығында Lamborghini жанып кетті
Ресей астанасының орталығында Lamborghini спорт көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Vesti.ru
08:46 07.08.2023
Қозғалыс кезінде люкс класты көліктің мотор бөлігінен от шыққан. Жүргізуші не болып жатқанын бірден түсінбей қалған. Көлік иесі машнадан шығып, өртті өз күшімен сөндірмек болған.
Оқиға орнына құтқарушылар жеткенде көлік түгелдей жанып жатты. Өртенген аумақ 5 шаршы метрді құрады, деп хабарлады Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі астаналық өкілдігінің баспасөз қызметі.
Элиталы көліктің жанып жатқан сәтінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Онда көліктің алдыңғы жағы мен алдыңғы дөңгелектері ғана қалғаны көрініп тұр, Lamborghini Aventador көлігінің бағасы 200 мың АҚШ долларынан асады. Көлік 2018 жылы шыққан. Жаңа иесі оны жақында ғана, нақтырақ айтқанда 15 шілде күні алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!