Шымкентте кәсіпкерлерге аукционсыз берілген 77 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Шымкентте кәсіпкерлерге аукционсыз берілген 77 гектаржер мемлекетке қайтарылды.
11:34 07.08.2023
Бұл туралы Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқПарат.
Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құрылыс саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жалғастыруда. Жуырда тығыз құрылыс салуға жол бермеу мақсатында жеке меншікке заңсыз берілген жер учаскелерін мемлекет пайдасына қайтару бойынша мақсатты іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде сот шешімімен аукционсыз кәсіпкерлерге берілген жалпы ауданы 77 гектар, құны 3 млрд. теңгеге жуық 46 жер учаскесі мемлекеттің меншігіне қайтарылды.
Айта кетейік, сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!