Алматыда Медеу ауданында тағы су болмайды
Алматыда Медеу ауданының аумағында уақытша суық су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: istockphoto.com
12:36 07.08.2023
«Алматы Су» кәсіпорны мәлім еткендей, 8 тамыз күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Медеу ауданындағы Қазыбек би – Назарбаев – Құрманғазы – Қонаев; Қазыбек би – Назарбаев – Төле би – Қайырбеков көшелерінің контурында сумен жабдықтау қызметі уақытша тоқтатылады.
«Аталған аумақтардағы тұтынушыларды суық судан уақытша ажырату сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындауға байланысты. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары