{metadescription}
Зымыран сынықтарының құлауына байланысты Шахтинск тұрғындары эвакуацияланады

Зымыран сынықтарының құлауына байланысты Шахтинск тұрғындары эвакуацияланады

Ресейдің Хабаровск өлкесінде 11 тамызда «Союз-2.1б» зымыранының сатысы құлауы мүмкін. Соған байланысты кенттердің бірінен тұрғындар эвакуацияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зымыран сынықтары құлауы ықтимал аймаққа Умальта, Уссамах, Лепикан, Тастақ, Сағанар өзендерінің сағасы мен Бурея өзенінің өткелі кіреді. Шахтинск тұрғындары 11 тамыз сағат 7:30-да (м.у. 14:30) эвакуацияланады», - деп жазды Верхнебуреинск ауданының басшысы Алексей Маслов Телеграм каналында.

Маслов атап өткендей, 7 тамызда аудан аумағынан «Луна-25» спутнигі бар зымыран-тасығыш өткен кезде әрекет ету жоспарын құру бойынша штабтың бірінші отырысы өтті. Аймақ басшысы атап өткендей, құлау қаупі бар аймаққа баруға тыйым салынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде