{metadescription}
Қызылорда облысында 7 жастағы қыз бала бір күннен бері табылмай жатыр

Қызылорда облысында 7 жастағы қыз бала бір күннен бері табылмай жатыр

Қызылорда облысында 7 жастағы қыз бала бір күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қармақшы аудандық Полиция бөлімініне 2016 жылы дүниеге келген Жібек Дәуренбекқызының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Ол 6 тамызда сағат 18:30 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған. Қармақшы аудандық Полиция бөлімінің барлық жеке құрамы оны іздеуге жұмылдырылды.

«Жібек Тұрмағанбет ауылының №29 мектептің 2 сыныбында оқиды. Бойы 135-140 см, арық денелі, шашы сарғыштау, көздері қысыңқы келген. Қызды іздеу полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуды сұраймыз», - деп мәлім етті Қармақшы аудандық полиция бөлімінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.